Түркияда терроризмге қатысы бар 360-тан астам күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның 41 провинциясында терроризмге қатысы бар 360-тан астам күдікті құрықталды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

наручники задержание арест
Фото: Павлодар облыстық соты

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая әлеуметтік желілерде террорлық ұйым — «Параллель мемлекет» (FETÖ) террористік ұйымына қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған кең ауқымды операциялар туралы хабарлады.

Агенттік хабарлағандай, министрдің мәліметінше, соңғы екі апта ішінде елдің 41 провинциясында, соның ішінде Анкара, Ыстанбұл және Измир қалаларында арнайы операциялар жүргізілген.

— Жалпы 361 терроризмге күдікті ұсталды. Олар тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу, террористік құрылымдарды қаржыландыру және насихаттау, сондай-ақ ByLock деп аталатын шифрланған байланыс қосымшасын қолдану бойынша айыпталып отыр, — деп жазды министр.

Сондай-ақ, ол операцияларға қатысқан барлық күштік құрылым қызметкеріне алғыс білдірді.

Бұдан бұрын Түркия криптовалюталарға бақылауды күшейтетіні мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар