Түркияда Twitter әлеуметтік желісіне шектеу қойылды
Елдің премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоган бейсенбі күні Әділеттік және даму партиясының сайлауалды митингісінде Түркияда барлық әлеуметтік желілер, оның ішінде Twitter жабылатынын мәлімдеген болатын. Ал бұған халықаралық қауымдастықтың қалай қарайтыны үкіметті толғандырмайды деп атап өтті. Басылымның хабарлауынша, түнде BTK түрік телекоммуникациялық реттеушісі Twitter-ді мүлдем жауып тастады. Бұл әлеуметтік желіні пайдалануға ниет білдіргендерге бірден үкіметке кейбір сайттарды соттың шешімінсіз-ақ жабуға құқық беретін сот шешімі жазылған мәтінге сілтеме жібереді. Бұдан бұрын да Эрдоган YouTube бейне сервисі мен Facebook әлеуметтік желісіне тыйым салынуы мүмкін деп айтқан болатын. Бұған YouTube-тағыі Үкімет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қатысты телефон әңгімесінің бүкіл интернетті шарлап, оның арты жанжалға ұласқаны себеп болуы мүмкін. Еске сала кетсек, әлдебіреулер премьер-министр мен оның ұлы қомақты қаржыны қымқырып қалу тәсілдерін талқылап жатқан жазбаны ғаламторға жариялап жіберген еді.