Түркияда Twitter, Facebook және WhatsApp желілері бұғатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал онлайн-сервистер: Twitter, Facebook және WhatsApp желілеріне кіру мүмкіндігі Халықтар демократиялық партиясы - негізгі парламенттік күрдтер күшінен 11 заң шығарушы қамаққа алынғаннан кейін бұғатталды.
None
None

Түркия интернет-ресурстарының жазуынша, бұғаттау алдымен мобильдік қосымшаларға қойылған, деп хабарлайды КирТАГ.

Turkey Blocks интернет мониторингі қоғамы бұл сайттардың барлығы және қосымшалар «бәсеңдету» әдісімен бұғатталғанын мәлім етті. Бұл кезде веб-парақтар жұмысының баяулайтыны  соншалықты, оларды пайдалану мүмкін болмай қалады.

  Turkey Blocks деректері бойынша 6 миллиондай адам біршама уақыт  интернетсіз қалды. 

Соңғы жаңалықтар