Түркияда жалған алкогольден зардап шеккендер саны 30-ға жетті

АСТАНА.KAZINFORM — Түркияда жалған алкогольден зардап шеккендер саны әлі артып, соңы қайғылы жағдайға ұласып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Түркияда жалған алкогольден зардап шеккендер саны 30-ға жетті
Фото: www.ntv.com.tr

Ыстанбұл билігі соңғы 72 сағатта алкогольден уланудың 80 оқиғасы тіркелгенін, оның 30-ы өліммен аяқталғанын хабарлады. Қалалық ауруханаларда 49 адам емделіп жатыр, оның 31-і жалған алкогольден уланып, жансақтау бөлімінде жатыр. Жалпы, жыл басынан бері қаза тапқандар саны 41 адамға өсті.

Түркияда жалған алкогольден зардап шеккендер саны 30-ға жетті
Фото: www.ntv.com.tr

Тергеу барысында контрафактілік алкоголь өнімінің қай жерде сатылғаны анықталды. Белгілі болғандай, Ыстанбұлдың Башакшехир ауданында «Түркімен асханасы» деген жазумен кәдімгі ауыз су атын жамылған жалған алкоголь бөтелкелері 30 түрік лирасынан (шамамен 455 теңге) сатылып жатқан. Улы алкогольді заңсыз сату нәтижесінде дәмхананың жұмысы тоқтатылып, үй-жайлары мөрленді.

Түркияда жалған алкогольден зардап шеккендер саны 30-ға жетті
Фото: www.ntv.com.tr

Қала билігі тексеру жұмыстарын жалғастырып, тұрғындарды алкогольдік өнімдерді сатып алғанда абай болуға шақырды. Мұндай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін алкогольді тек сенімді жерлерден сатып алу ұсынылды.

Бұған дейін Ыстанбұлда сертификаты жоқ алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірнеше күн ішінде 19 адам қайтыс болғанын, тағы 65 адамның ауыр улану белгілерімен ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар