Түркияда жексенбі күндері дүкендерді жабу ұсынылды

АСТАНА.KAZINFORM — Түркия билігі бөлшек саудагерлерге демалыс күнін енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Түркияда жексенбі күндері дүкендерді жабу ұсынылды
Фото: mynet.com

Түркияның Сауда министрі Өмер Болат жексенбі күндері супермаркеттерді жабу идеясын қолдайтынын білдірді. Ол кәсіпқой қауымдастықтар біртұтас ұсыныс жасаса, министрлік ережені жүзеге асыруға дайын екенін мәлімдеді.

Бұл бастаманы Түркия бөлшек сауда федерациясы (TPF) қыркүйектің басында көтерген болатын. Басты мақсат — бөлшек сауда қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, демалыс күнін отбасымен өткізуге мүмкіндік беру және жаңа жұмысқа қабылданғандар үшін саланы тартымды ету.

— Егер барлық мүдделі тарап, соның ішінде кәсіподақтар, қауымдастықтар және бизнес өкілдері қолдау білдірсе, біз жексенбі күндері дүкендерді жабуды қарастырамыз. Бұл ұлттық деңгейде де, жекелеген аймақтарда да жүзеге асырылуы мүмкін, — деді түрік министрі.

Егер қабылданса, шешім ірі сауда желілері мен супермаркеттерге әсер етуі мүмкін, ал шағын дүкендер үшін ерекше жағдай жасалуы мүмкін. Сондай-ақ икемді реттеу моделі талқылануда, мысалы, провинция әкімдеріне аймақтың экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктеріне негізделген таңдау құқығын беру.

Белгілі болғандай, Түркияда көптеген сауда нүктесі, тіпті дәріханалар демалыс күндері жабылады. Дүкендерді қосу туралы ұсыныс қазір талқыланып жатыр. Алайда, елдегі экономикалық қиындықтарды ескере отырып, кәсіпкерлер әсіресе демалыс күндері ең жоғары сатылымға мұқтаж.

Бірнеше жыл бойы жоғары инфляция, валютаның құнсыздануы және тұрақсыз экономикалық саясаттан кейін Түркияның теңгерімді өсу үлгісіне өту белгілерін көрсетіп жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар