Түркияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 18 мыңнан асты

None
АСТАНА. Анадолы-ҚазАқпарат - Түркияда жер сілкінісінде көз жұмғандар саны 18 мыңнан асып, жарақат алғандар саны 74 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) соңғы мәліметі бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 18 342 адам көз жұмып, 74 242 адам зардап шеккен.

Түркия төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) соңғы мәліметі бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 17 406 адам көз жұмған еді.

6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болған.

Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Еске салсақ, қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық киіз үй жібереді.

Қазақстан Үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді.

Сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы Түркияда зардап шеккендерге қаражат аударуға болады.


Фото: aa.com.tr
Соңғы жаңалықтар