Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар емін жалғастыруда

«Өкінішке орай, Түркиядағы жол апатынан екі азаматымыз қаза тапты. Олардың мәйіттері өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі таңда 4 қазақстандық ауруханада ем алып жатыр. Барлық медициналық және репатриациялау шығындары сақтандыру компаниясының есебінен төленіп жатыр», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.
Ресми өкілдің айтуынша, бұл туристер демалуға барған кезде сақтандыру полистерін мұқият жасаған. Сондықтан апат туындағанда еш қиыншылық болған жоқ.
«Қалған төрт адам ауруханада, жанында туыстары бар. Солар көмектесіп, жақын арада тез сауығып, елге оралады деп күтеміз», - деді А. Смадияров.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмғаны хабарланған еді.
Емделіп жатқан 11 қазақстандықтың алтауы елге оралған болатын.
Ауыр жарақат алған екі қазақстандық Түркия ауруханасында көз жұмды.