Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, 3 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — 18 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласы маңындағы солтүстік Мармара автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды DHA.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан үш адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 06:15 шамасында Санджактепе ауданының Пашакой аймағында болды.
Текирдаг қаласына бет алған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус жол жиегіндегі тосқауылға соғылып, аударылып қалды.
Автобуста 35 жолаушы болған. Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Оқиғаға қатысты провинция басшылығы ресми мәлімдеме жасап, жол апатына қатысты тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. Оқиға орнында жандармерия (полиция) қызметкерлері автобусты шығарып алу жұмыстарын бастағаны хабарланды.
Еске сала кетейік, Түркияның солтүстік-батысындағы орман өрті көлік қатынасына кедергі келтірді.