Түркияда жүрген АҚШ-тың «ең әдемі қылмыскері» өз фотосын желіге салған
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ең әдемі қылмыскер» Джереми Микс миллиардер Филлип Грин қызының тобы арасында көрініп қалды. Фотосуреттер Бодрумда Жерорта теңізіндегі (Түркия) қайықта түсірілген.
Бірге демалып жүрген олардың фотосуреттері әлеуметтік желілерге лезде тарады.
Хлое Грин - миллиардер Филипп Гриннің қызы және TopShop брендінің мұрагері.
Джереми Микс үйленген, екі баласы бар. mk-turkey.ru хабарлауынша, оның полиция бөлімшесіндегі фотосуреттері әлеуметтік желілерде үлкен танымалдылыққа ие болғаннан кейін, Джереми Микс «Американың ең әдемі қылмыскері» атанды. 
Эгей жағалауындағы әйгілі түрік шипажайына ол бір апта бұрын келген.
«Керемет аптаның тамаша бастауы! Міне мен! #bodrum #turkey», - деп жазылған Түркияда түсірілген алғашқы фотосуреттің астында.
2015 жылы миллиондаған адам қамауға алынған Микстің әйгілі фотосуретін көргеннен кейін, ол 2016 жылы бостандыққа шыға салысымен модель бизнесіне басыбайлы кіріп кетті. Ол заңсыз қару сақтағаны үшін 27 аптаға қамауға алынған болатын.
