17:14, 29 Маусым 2025 | GMT +5
Түркиядағы демалыс орнында тағы да қонақүй өртенді
АСТАНА. KAZINFORM – Анталияның тарихи Калейжи ауданындағы қонақүй өртке оранды. Бұл туралы DHA агенттігі хабарлады.

Оқиға Калейджи тарихи ауданындағы Селчук Махаллесі Ұзын Карсы көшесінде сағат 12:00 шамасында болған. Жалын 3 кәсіпорынды шарпыған, соның бірі – қонақүй.
Хабарлама бойынша, бұл аймаққа көптеген өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Экипаж мүшелері тарихи аудандағы өрттің аймақтағы басқа ғимараттарға таралуын болдырмау үшін барын салып жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Түркияның Мармарис қаласында орналасқан бес жұлдызды қонақүй өртеніп, 6 адам ауруханаға түскен болатын.
Сондай-ақ 2025 жылдың басында қаңтар айында Түркиядағы Grand Kartal қонақүйі қызыл жалынға оранған еді.