Түркиядағы су тасқынына байланысты 7 қаланың тұрғындары эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның солтүстігіндегі Токат провинциясының Турхал ауданында 7 ауыл мен 15 шағынауданның тұрғындары су тасқыны қаупіне байланысты эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы Report агенттігі жазды.

Түркиядағы су тасқынына байланысты 7 қаланың тұрғындары эвакуацияланды
Фото: Report

Алмус су қоймасының су деңгейі үздіксіз жауын-шашын салдарынан көтерілген. Сәрсенбіге қарай өзен суы бөгеттен асуы мүмкін деп болжанып отыр. Сол себепті, ықтимал апаттың алдын алу мақсатында 7 ауыл мен 15 шағынауданның тұрғындарын эвакуациялау шешімі қабылданды.

Айта кетейік, Түркияның көп аймағында, әсіресе Қаратеңіз өңірінде үздіксіз жауын-шашын түсіп, бірқатар ғимарат қирап, залалын тигізді.

Бұған дейін Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды.