Түркиядағы ҚР елшілігінде түркітілдес елдер мен халықтардың өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды

ЫСТАМБҰЛ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінде түркі тілдес мемлекеттер мен халықтардың өзара қарым-қатынасын тереңдете түсу мақсатында «дөңгелек үстел» өтті. Аталған жиын ТҮРКІСОЙ халықаралық мәдени ұйымының құрылғанына 20 толуына орайластырылды.
None
None

Шараның мақсаты - түркі халықтарының арасында бұрыннан қалыптасқан бауырластық қарым-қатынасты сақтай отырып, одан әрі дамыту, сонымен бірге, түркі тілдес елдер мен халықтардың мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтып, дамытуына қолдау көрсету.

«Дөңгелек үстел» жиыны жұмысының барысында елші Ж.Түймебаев қатысушыларды Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары мәдениет пен өнер саласында қол жеткізген жетістіктерінен хабардар етті.

Отырыс барысында Қазақстанның астанасы жайлы оның 15 жылдығына арналған фотокөрме таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар