Түркиядағы туристермен ЖКА: төрт адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда автобуспен болған жол-көлік оқиғасында кемінде төрт адам мерт болып, 40-қа жуығы жараланған, деп хабарлады Би-би-си түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.
None
None

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар арасында Ресей, Украина және Қазақстан азаматтары болған. Қаза болғандардың ұлты әзірге белгісіз.

ЖКО елдің оңтүстік-батысындағы Денизли қаласы маңында болған.

«Ресей-24» телеарнасының мәліметтері бойынша, Памуккаледен Антальяға жол тартқан автобус дымқыл жол үстінде аударылып, қоршауға соғылған.

Соңғы жаңалықтар