Түркиядағы жер сілкінісі: Адана әуежайы жұмысын тоқтатты, кейбір аудандарда электр қуаты үзілді
Соңғы жерасты дүмпулері салдарынан Диярбакырдағы бір ғимарат тікелей эфирде опырылып құлады. Осының салдарынан жергілікті тұрғындар мен журналистер қаза таба жаздады. Құтқару жұмыстарын тоқтатуға, оқиға орнын қоршауға тура келді.
Екі мәрте болған жер сілкінісінен кейін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адана әуежайындағы рейстер тоқтатылды. Жұмысты тоқтату туралы шешімді Кахраманмараштағы бірнеше рет болған жер сілкінісінен кейін әуе айлағының басшылығы қабылдады. Оның магнитудасы 7,6 балл болды.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, республикада дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Ол халықаралық көмекті қарастырады.
«Жаһандық сейсмикалық белсенділіктің деңгейі төтенше деңгейге көтерілді және әлі де ірі жер сілкінісі болуы мүмкін», - деді сейсмологтер.
Түркияның Искендерун порты да қирап, уақытша жұмысын тоқтатты.
Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан Түркияның оңтүстігіндегі кейбір аймақтарда электр қуаты мен интернеттің үзілгені хабарланды. Мұндай деректерді NetBlocks халықаралық коммерциялық емес ұйымы келтірді.
Түркиядағы құтқару жұмыстарымен 9 мың адам айналысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды. Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқан және зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысына көңіл айтты. Сондай-ақ ол Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.
Фото: © AP Photo/ Mahmut Bozarsan