Түркиядағы жер сілкінісінен 7 адам мерт болды

АНКАРА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Иранда болған жер сілкісіні салдарынан Түркияда жеті адам опат болды, оның ішінде үш бала бар. Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

Түркиядағы жер сілкінісінен 7 адам мерт болды

«AFAD қызметкерлері Ван провинциясындағы Ван және Озпынар ауылдарына барды. Қираған үйінділер астында адамдар қалып қойған. Жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деп мәлім етті Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу.

Иранда 23 ақпанда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 09:22-де Батыс Әзербайжан провинциясындағы Хой қаласында болған.