20:41, 07 Тамыз 2015 | GMT +5
Түркиядағы ЖКО: зардап шеккен қазақстандықтардың біріне ота жасалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның бір азаматы алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылды, қалған бесеуі қазір ауруханада жатыр. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР СІМ ресми өкілі А. Әбибуллаев хабарлады.

«Біздің елдің барлық азаматтары Кемер қаласы ауданында демалып жатқан болатын. Денизли шағын елді мекен екенін атап өткен жөн, сондықтан дәрігерлер жоғары сапалы медициналық көмек көрсету үшін оларды Анталияға жеткізу қажет деп санайды. Кеше бір азаматтың қолына ота жасалған. Екінші азаматқа ота Анталияда жасалуы мүмкін. Бес адамның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауға болады, олармен тұрақты байланыстамыз. Қажетті медициналық, консулдық-құқықтық көмек көрсету үшін барлық мүмкін жағдайды жасаймыз», - деді ол.