Түркияға ұшып бара жатқан Эйр Астана ұшағы Ақтауға шұғыл қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эйр Астана компаниясының Алматы-Ыстанбұл бағытындағы ұшағы Ақтау әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл ақпаратты компанияның клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімі растады. Ұшақ Ақтауға борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты қонуға мәжбүр болған.

«Ұшақ 2 ақпан күні Ақтау уақытымен сағат 22.44 көкке көтеріліп, өз бағытын жалғастырды», - деді ҚазАқпаратқа компаниядан.

Соңғы жаңалықтар