Түркияның 15 облысында ауа температурасы 44 градусқа жетті
АНКАРА. KAZINFORM – Түркияның 15 облысында ауа температурасы кеше 44 градусқа дейін көтерілді. Ең жоғары температура Оңтүстік-Шығыс Сиирт облысының Куртулаң ауданында тіркеліп, 23 шілдеде термометр бағаны 47 градусқа жетті, деп жазды АЗЕРТАДЖ.

Бұл туралы Түркияның Бас метеорология басқармасымәлім еткен. Басқарма соңғы күндері температураның маусымдық нормадан асып кеткенін атап өтті.
Қатты аптап ыстық Оңтүстік-Шығыс Анатолиямен қатар, Эгей аймағында да сақталып тұр. Бұл өңірдің жергілікті билігі егде жастағы азаматтар мен балаларға 11:00-ден 16:00-ға дейін көшеге шықпауға кеңес беріп, тұрғындарға көп су ішу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, мамандар климат өзгерісінің салдарынан Түркияда бірнеше дақылдың өнімділігінің төмендеуі мүмкін екенін болжанған.
Бұған дейін хабарланғандай, әлем елдерінде аптап ыстық күшейіп барады.
Еске сала кетейік, Кингс колледжі мен Лондон медицина мектебіндегі британдық ғалымдардың блиц-сараптама өткізіп, Еуропада өткен аптада басыла бастаған төтенше ыстық толқын шамамен 2300 адамның мезгілсіз өліміне себеп болғанын алға тартқан еді.