Түркияның Болу тау-шаңғысы курортында қаза тапқандар саны 66-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғысы курортында болған өрттен қаза тапқандар саны 66-ға, жараланғандар саны 51-ге жетті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Число погибших на горнолыжном курорте в Болу возросло до 66 человек
Фото: www.ntv.com.tr

Өрт ғимаратты тез шарпып, қонақтар мен қызметкерлердің эвакуациялануын қиындатқан. Қонақ үй еңіс жерде орналасқандықтан, бір жағынан ғана шығу мүмкін болды, бұл адамдардың өз бетімен қашу мүмкіндігін шектеп, өрт сөндірушілердің әр тараптан сөндіруге және ауқымды құтқару жұмыстарын жүргізуіне жол бермеді.

Куәгерлердің айтуынша, олардың көбі нақты қауіпсіздік жүйесі мен ғимараттан шығуды дұрыс ұйымдастырудың жоқтығынан қалып қойған. Зардап шеккендер, оның ішінде жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер әртүрлі ауырлықтағы жарақаттармен, соның ішінде күйік және көмірқышқыл газымен уланып ауруханаға жеткізілді.

Число погибших на горнолыжном курорте в Болу возросло до 66 человек
Фото: www.ntv.com.tr

Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликая қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, өрттің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

— Біріншіден, қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын. Ауруханада жатқандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Өрт болған қонақ үй 12 қабаттан тұрады. Өрт кезінде 238 қонақ тіркелген. Алғашқы қоңырау сағат 03:27–де түсті. Осыдан кейін бірден барлық төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіруге атсалысты. Сағат 04:15–те өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге барлығы 156 бірлік техника мен түрлі қызметтерден 428 қызметкер жұмылдырылды. Оқиға орнында барлық уәкілетті органдардың өкілдері жүр, деп хабарлады ІІМ басшысы БАҚ өкілдеріне.

Число погибших на горнолыжном курорте в Болу возросло до 66 человек
Фото: www.ntv.com.tr

Өз кезегінде Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоглу қайғылы оқиға салдарынан 66 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алғанын, олардың бірінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Бұл ретте 12 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне шығарылды.

Число погибших на горнолыжном курорте в Болу возросло до 66 человек
Фото: www.ntv.com.tr

Қонақ үйдің өрт қауіпсіздігі туралы ресми сертификаты бар екендігі бақылаушы органдарға сұрақ туғызды. Белгілі болғандай, аттестация кезінде өрт инспекциясы қонақ үйді барлық стандарттарға сәйкес деп таныған. Алайда сарапшылар он екі қабатты ғимаратта мұндай салдарға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды анықтады.

Число погибших на горнолыжном курорте в Болу возросло до 66 человек
Фото: www.ntv.com.tr

Ал, өрт қауіпсіздігінің қарапайым шарттары жоқ бұл қонақ үйде бір күн тұру құны екі адамға 30 мың түрік лирасын (шамамен 455 мың теңге) құрайды.

Билік өрттің шығу себептерін анықтап, шығынды бағалайтын арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.

Осыған дейін Түркияда ішімдіктен уланып қаза тапқан өзбекстандықтар саны 14-ке жеткені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар