Түркияның Малатья қаласында жер сілкінді

Түркияның шығысындағы Малатья провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды. Kazinform бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркияның Малатья қаласында жер сілкінді
Фото: Анадолы

Түркияның Апат және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 12:34-те Ешилюрт аймағында тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 17,3 шақырым тереңдікте болған.