Түркияның Сивас қаласындағы қонақүйлердің бірінде жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM – Сивас провинциясындағы Йылдыз тауында орналасқан қонақүйде күшті жарылыс болып, бірнеше адам зардап шекті.

Взрыв произошел в одном из отелей турецкого Сиваса
Фото: www.trthaber.com

Төтенше жағдай кенеттен болып, төрт адам зардап шекті, олардың біреуі ауыр халде.

Жарылыс қонақтардың көпшілігі өз бөлмелерінде болған кезде орын алған. Ғимарат бүлінген, терезелер мен жиһаздар сынған.

Жарылыс болған соң бірден оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары жетті. Зардап шеккендер тез арада жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа тұрмыстық газдың шығуы себеп болған. Уәкілетті органдар оқиғаның нақты мән-жайын және ғимаратты газбен жабдықтау жүйесіндегі ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастап жіберген.

Бұған дейін Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау-шаңғысы курортында болған өрттен қаза тапқандар саны 66-ға, жараланғандар саны 51-ге жеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар