Түркияның екі бірдей теңізінде жер сілкінісі болды

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда бірден екі теңізде 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның екі бірдей теңізінде жер сілкінісі болды

Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер асты дүмпуі Эгей және Мәрмәр теңіздерінде тіркелген.

Эгей теңізінде болған жер сілкінісінің ошағы Датча қаласынан 39 шақырым жерде, теңіз бетінен 29 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ал Мәрмәр теңізінде тіркелген сілкініс ошағы Шаркой қаласынан 6 шақырым жерде, су бетінен 7 километр тереңдікте орналасқан.

Екі аудан губернаторларының айтуынша, елді мекендерде жер асты дүмпулері қатты сезілмеген.

Бірінші тексеріс нәтижесі бойынша адамдар тұрып жатқан жерге ешқандай зақым келмеген.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.