Түркияның Элазыг провинциясында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

None
Photo: aa.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат - Элазыг провинциясының Сивридже ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 01:44-те 4,6 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агнттігіне сілтеме жасап.

Апаттар және төтенше жағдайлармен күресу басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, эпицентрі Элазыг провинциясының Сивридже ауданында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпуі шамамен 11 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген.


Соңғы жаңалықтар