Түркияның Кахраманмараш провинциясында 4,6 балдық жер сілкінісі болды

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: Getty Images

Бұл туралы сенбі, 18 наурызда Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 8:14-те тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Гёксун ауданында, 7 шақырым тереңдікте болды.


Соңғы жаңалықтар