Түркияның кәсіпкерлері мен инвесторлары Қазақстандағы мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларына үлкен ықылас білдірді

Бизнес-форумның пленарлық отырысы барысында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.
Бизнес-форум Қазақстанның экономикалық жетістіктерін жоғары деңгейде таныстыру мақсатында ұйымдастырылды және Қазақстанның бизнес-құрылымдарына түрік компанияларымен ынтымақтастық перспективаларын ашық диалогта талқылауға мүмкіндік береді.
Форум ауқымында «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жомарт Әбиесов пен Түркияның «Халықаралық МЖӘ тұғырнамасы» президенті Ахмет Кесли екі елдің мемлекеттік-жеке әріптестігі практикасын дамыту саласындағы ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ екіжақты кездесулер барысында Жомарт Әбиесов түрік инвесторларымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Түрік кәсіпкерлері мен инвесторлары Қазақстандағы МЖӘ жобаларына үлкен ықылас білдірді.