Түркияның Қыршехир қаласында ҚР Тәуелсіздігі күні атап өтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Қыршехир провинциясында Қазақстанның Тәуелсіздік күні атап өтілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Қыршехир қаласы Анкараның маңайында Орталық Анадолыда орналасқан, өңірдің ірі көліктік хабы болып табылады. Бұл қала кезінде мұнда Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті мен оның ізін жалғастырушы Ахи Ерванның тұрғанымен әйгілі. Осыған байланысты, ұлы данышпан және суфизмнің түрік қанатын негіздеген тұлғаның атына 2011 жылы Қыршехир қаласында Х.А.Яссауи атындағы мешіт пен мемориалды кешен салынды. 2013 жылы Түркістан мен Кыршехир қалалары арасында Туыстас байланыстар туралы хаттамаға қол қойылған еді. 2012 жылы Қыршехирдың қалалық мәслихаты Елбасының Түркияға сапарының алдында қаланың орталық көшелерінің бірінНұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауға шешім қабылдаған. Ал Қыршехирдағы «Ахи Ерван» университетінің басшылығы өткен жылы оқу орнының орталық аудиторияларының біріне «Қазақстан» атын берді. Аталмыш шаһарда Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы конференция ұйымдастырылды. Университеттің ректорлығы мен түркітілдес интеграция қоғамы ұйымдастырған конференцияға Қыршехир қаласының әкімі Яшар Бахчежі, университет проректоры Гюрай Эренер, академиялық және қоғамдық-саяси топтар өкілдері және студенттер қатысты. Іс-шараның ашылуында қала әкімі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Бауырлас Қазақстан халқын және ҚР Президенті Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қыршехир қаласындағы орталық көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру біз үшін абырой болып табылады. Оның басшылығымен ел айтарлықтай табыстарға жетіп, Қазақстан Түркияны қоса алғанда, көптеген халықтар мен мемлекеттер үшін өркендеудің, бейбітшіліктің және тұрақтылықтың символына айналды», - деді ол. Қыршехирдың губернаторы Нежати Шентүрік те өз құттықтауын білдірді. «Мен бауырлас Қазақстанның жетістіктерінен және басшылығы мен халқы сәтті жүзеге асыратын қыруар мақсаттарынан шын жұректен қайран қаламын. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ғаламдық дағдарысқа қарсы нақты мақсаттары бар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бізді рухтандырғандай», - деп мәлім етті губернатор. Конференция барысында баяндама жасаған доцент Күршад Зорлу, доцент Тұғрул Ысмайыл және «ЭкоЕуразия» қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «АТОМ» ғаламдық қарусыздану жобасы және «G-Global» жаңа әлемдік экономикалық тәртібін құру сияқты сыртқы саяси бастамаларын жоғары бағалады. Атап айтқанда, олар Қазақстанның ел ретінде қалыптасуының және оның Елбасының бастамаларына тек өңірлік қана емес, жалпы әлемдік деңгейінде де назар аударатындай жағдайының бар екендігін атап өтті. Іс-шараның жалғасуы аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев халықаралық қарым-қатынастар факультеті студенттеріне «Қазақ-түрік қарым-қатынастарының даму барысы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Ол факультеттің басшылығына «Қазақстан» атты аудиторияларда пайдалану үшін Қазақстан мен қазақ-түрік қарым-қатынастары туралы түрік тіліне аударылған кітаптар мен альманахтарды, сонымен қатар Қазақстан мен Астана туралы фотоматериалдарды ұсынды. Шара аясында қатысушылардың назарына қазақ-түрік қарым-қатынастарының қалыптасуы мен дамуы туралы фотокөрме ұсынылды. Қатысушылар Қазақстан халқына бұдан әрі өркендеуді және тұрақтылықты тілей отырып, елімізбен достық қарым-қатынастарды дамытуға қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар