17:45, 27 Ақпан 2023 | GMT +5
Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды
АНКАРА. ANADOLU – ҚазАқпарат - Жер сілкінісін көрші провинциялардың тұрғындары сезді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болды.
Зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 12:04-те тіркелген. Оның эпицентрі Йешилютр ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 6,96 км тереңдікте жатыр.
Еске салайық, 25 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:27-де Түркияның орталық бөлігіндегі Нигде провинциясында жер сілкініп, магнитудасы 5,3 болды. . Оның ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Бұған дейін Түркияның шығысы мен орталық бөлігінде, Малатия, Бингеле, Сивас және Конья провинцияларында 24 ақпанда кешке және 25 ақпанға қараған түнде жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.