13:44, 24 Маусым 2023 | GMT +5
Түркияның Мармарис курортының маңындағы орман өрті бақылауға алынды
МУГЛА. ҚазАқпарат - Орманды алқаптағы өрт ошағы Сарьян ауылының маңында орналасқан. Өртті сөндіруге 9 тікұшақ, 6 ұшақ, өрт сөндірушілер мен орманшылар жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Мугла губернаторы Орхан Тавлы аймақтағы жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты.
«Мармаристегі орман өрті бақылауға алынды. Өрт сөндірушілер ауадан да, жерден де сөндіру жұмыстарын жүргізуде», - деді Тавлы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өрт алғаш басталған Сарьян ықшамауданында ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылған. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Мармарис курорттық қаласы маңындағы орман аймағында жұма күні өрт шықты.