13:32, 26 Ақпан 2023 | GMT +5
Түркияның оңтүстігінде 4,4 балдық жер сілкінді
АНКАРА. ҚазАқпарат - Эпицентрі Антакья қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан, онда шамамен 210 мың адам тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
4,4 баллдық жер сілкінісі жексенбіде Түркияның оңтүстік бөлігінде Сириямен шекарада тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Эпицентрі Антакья қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан, онда шамамен 210 мың адам тұрады. Ошағы 2 км тереңдікте жатыр.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы хабарланған жоқ.