Түркияның орталық бөлігінде 4,3 балдық жер сілкінісі болды

КОНЬЯ. АНАДОЛУ-ҚазАқпарат - Түркияның орталық бөлігінде орналасқан Кония провинциясында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы осы елдің ТЖ залалын жою басқармасы (AFAD) хабарлады, деп жазады «Анадолу».
None

Жерасты дүмпуі жұма күні 17:10-да тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігі 7 км тереңдікте, ошағы Эрегли ауданында болған.

Конья әкімшілігінің Twitter-дегі парақшасында жарияланған мәліметке сай, зардап шеккендер жоқ, ғимараттар бүлінбеген.

Еске салайық, 20 ақпан күні Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тауып, 562 тұрғын зардап шеккен болатын.

6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жойқын зілзаладан мерт болғандар саны соңғы мәлімет бойынша 42 310 адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар