Түркияның Премьер-Министрі Қазақстанға Ресеймен ара-қатынасты қалыпқа келтіруге жәрдемдескені үшін алғыс білдірді

БАКУ. ҚазАқпарат - Түркия Премьер-Министрі Бинали Йылдырым Қазақстанға Ресеймен ара-қатынасты қалыпқа келтіруге жәрдемдескені үшін алғыс білдірді.
None
None

Бұл туралы  Б.Йылдырым  түріктік БАҚ-қа берген сұхбатында мәлімдеді, делінген Trend агенттігінің хабарламасында.

 «Халқыммен Ресеймен қатынастағы маңызды жаңалықтарды бөліскім келеді. Екі ел көшбасшылары арасындағы байланыс нәтижесін берді. Екі ел арасындағы мұз еріді. Бұған бауырлас елдер - Қазақстан мен Әзербайжанның үлесі бар. Олар Түркия мен Ресейдің ара-қатынасын қалыпқа келтіру үшін күш жұмсады. Бұл елдерге алғысымыз шексіз», - деді Б.Йылдырым.

«Түркия мен Ресей арасындағы қатынастарды қалпына келтіру үдерістері басталып кетті», - деп атап өтті Б.Йылдырым.

 

 

Соңғы жаңалықтар