Түркияның Ұлы бірлік партиясы көшбасшысы қазақстан-түркия қатынасының дамуына жоғары баға берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ғимаратында Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаевтің Түркияның Ұлы бірлік партиясының (ҰБП) төрағасы Мұстафа Дестіжімен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
None
None

Түркияның Ұлы бірлік партиясы 1993 жылы құрылып, түркі әлемі елдерінің арасындағы қарым-қатынастарының дамуына ерекше көңіл бөлетін бірлестіктерінің бірі болып табылады.

Кездесу барысында тараптар Түркиядағы қоғамдық-саяси ахуалға және екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Түркия саяси партияларының арасындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, екі елдің тарихи, мәдени және рухани байланыстардың негізінде серіктестікті нығайту мәселелеріне шолу жасады.

М.Дестижі Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарды жоғары бағалай отырып, олардың нығаюына белсенділік танытуға әзірлігін білдірді. Оның айтуынша, «екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға Қазақстан Республикасының Президенті және Түркі әлемінің Ақсақалы Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор болып табылады».

М.Дестижі қазіргі таңдағы түркі әлеміндегі интеграциялық үдерістердің де Қазақстанның Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев бастамаларының негізінде қалыптасып, одан әрі дамып келе жатқанын баршаға анық екендігін де атап кетті.

Сонымен қатар, партия лидері екі елдің басқа да халықаралық бірлестіктерінің аясында өзара қолдауынан және ықпалдасуынан қайран қалып жатқандығын білдірді. Оның ішінде, М.Дестижі Елбасының бастамасымен құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің аясындағы Қазақстан мен Түркияның бауырлас ынтымақтастығын ерекше атап өтті.

Ол сондай-ақ екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастығы деңгейінің жоғары екендігіне ризашылығын білдіре отырып, екіжақты мәдени байланыстарды белсендірек дамытудың қажеттілігі мен маңыза баса көңіл бөлді.

Елші Ж.Түймебаев екі елдің арасындағы байланыстар жайлы және Қазақстанның соңғы кезеңдердегі жетістіктерінен хабардар етіп, «АТОМ жобасы» және «Джи Глобал» сияқты Қазақстанның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан халықаралық жобалар туралы баяндады.

Сұхбаттың соңына қарай Қазақстан Елшісі ҰБП-ның төрағасына Елшіліктің түрік тілінде басып шығарған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың таңдамалы шығармаларының бестомдығын, «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік деңгейдегі көшбасшы» атты кітаптарды және ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының мәтінін табыс етті.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарды нығайтуда өзара тығыз қарым-қатынаста болуға уағдаласты.

 

 

Соңғы жаңалықтар