Түрікмен ғалымдары жылқы емдеудің инновациялық физиотерапевтік әдістерін енгізбек

АСТАНА. KAZINFORM – «Türkmen atlary» мемлекеттік бірлестігі жылқы шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары жылқының тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеу және алдын алудың заманауи физиотерапевтік технологияларын зерттеп, тәжірибеде қолдануға кірісті, деп хабарлайды Turkmenportal «Нейтральный Туркменистан» газетіне сілтеме жасап. 

ат
Фото: Pexels

Зерттеу жұмысы Аркадаг қаласындағы Аба Аннаев атындағы Халықаралық жылқы шаруашылығы академиясының оқытушыларымен бірлесе жүргізіліп, электромагниттік өрістер мен әртүрлі сәулелену түрлерін пайдалану әдістерін әзірлеуді қамтыды.

Ғылыми жұмыс шеңберінде жетекші әлемдік өндірушілердің озық жабдықтары пайдаланылды. Фототерапия үшін жануарлардың денесіне инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленудің дозаланған әсерін қамтамасыз ететін «Horse Gym 2000» компаниясының «Summerwind Premium Solarium» арнайы емдік солярийі қолданылады.

Лазерлік терапия саласында мамандар «ASA Laser» фирмасының «Mphi Vet» лазерлік ветеринарлық құрылғысымен жұмыс істейді. Бұл әдіс метаболизмді жақсартуға көмектесетін, қабынуға қарсы әсері бар және тіндердің регенерациясын ынталандыратын төмен қарқынды лазер сәулесінің жарық энергиясының әсеріне негізделген.

Түрікмен ғалымдары жылқы емдеудің инновациялық физиотерапевтік әдістерін енгізбек
Фото: Turkmenportal

Магнитотерапия үшін Biomag компаниясының «Biomag Lumina» электромагниттік жамылғысы қолданылады, ол ауыспалы жоғары жиілікті магнит өрістерін жасайды. Бұл әдіс әсіресе жылқыларға аурулардан және жаттығулар мен жарыстардан кейінгі оңалту кезеңінде тиімді болмақ.

Физиотерапевтік әдістерді енгізу орталықтағы ғылыми зерттеулердің басым бағыты саналады.  Бұл болашақта зерттелген әдістерді елдегі жылқы шаруашылығында Ақалтеке және басқа да жылқы тұқымдарын емдеу үшін жылқы шаруашылығында іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Түріккменстанда Ақалтеке жылқыларының жарысы өткені жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар