10:00, 17 Маусым 2025 | GMT +5
Түрікменстан Президенті Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Сердар Бердімұхамедов «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 555,7 миллион доллар болды.
Айта кетелік бұған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген еді.