Түрікменстан жұрты өздерін көшпенділер ұрпағы санайды

түрікмен
Фото: tdh.gov.tm

АШХАБАД. KAZINFORM – Түрікменстан — Орталық Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет, 1992 жылдың 2 наурызынан бері БҰҰ мүшесі, БҰҰ Бас Ассамблеясы мойындаған бейтараптық мәртебесі бар мемлекет.

түрікмен
Фото: kk.wikipedia.org/wiki

Ел халқының саны жеті миллионға жуық, аумағы – 491 200 км² (әлемде 52-орында, Орталық Азияда 2-орында). Ел халқының басым көпшілігі - түрікмендер, мемлекеттік тіл – түрікмен тілі, халықтың басым бөлігі Ислам сунниттігін ұстанады.

түрікмен
Фото: tdh.gov.tm

Түрікмендердің этногенезінде негізгі рөлді Түрікменстанның ежелгі және ортағасырлық халқы, негізінен сақ-массагеттер мен оғыз түріктері атқарды.

түрікмен
Фото: tdh.gov.tm

Түрікменстан территориясы ең ежелгі археологиялық мәдениеттердің (Джейтун, Анау, Яз), ежелгі Маргуш елі және ежелгі Хорезм мемлекетінің (б.з.б. VII-IV ғ.ғ.) пайда болған жері болды. Түрікменстан Парфия империясының (б.з.б. III-II ғ.), Аббасид халифатының (IX ғ.), Селжұқтар мемлекетінің (XII ғ.) және Хорезмнің (X—XVI ғғ.) орталығы болды. Ел арқылы Ұлы Жібек жолы өткен.

түрікмен
Фото: kazakhstan.tmembassy.gov.tm

Біздің эрамызға дейінгі VI-IV ғасырларда ел Ахеменидтер әулетінен шыққан парсы патшаларының, одан кейін Александр Македонскийдің қол астында болды. Дәл осы кезеңде Түрікменстанның солтүстігінде оңтүстік Түрікменстан мәдениетінің қатысуымен ежелгі Хорезм мемлекетін құрған Құйысай мәдениеті пайда болды.

Біздің эрамызға дейінгі III ғасырдан бастап Түрікменстан аумағы Түрікменстанның оңтүстігінде өмір сүрген парни тайпалары құрған Парфия патшалығының (астанасы – Ниса) құрамында болды. Кейін Түрікменстан территориясы Сасанидтер мемлекетінің құрамына өткен.

V-VIII ғасырларда бұл аумақты эфталиттер, прототүркілер, арабтар жаулап алды. 776-783 жылдары халық хуррамит Хашим ибн Хаким (Муыанна) басшылығымен арабтарға қарсы көтеріліске қатысты.

IX ғасырда Аббаси халифатының астанасы Түрікменстан (Мерв) жерінде орналасқан.

IX-X ғасырларда Тахиридтер мен Саманидтер мемлекеттері құрамында болды.

түрікмен
Фото: kazakhstan.tmembassy.gov.tm

XI ғасырға қарай Түрікменстан территориясын оғыздар жаулап алды, олар жергілікті халықпен, негізінен түркі тектес халықтармен араласып, түрікмен этникалық тобын құрады. XI-XIII ғасырларда Сұлтан Санжар тұсында астанасы Мерв қаласында орналасқан алғашқы түрікмен селжұқ мемлекеті құрылды.

XII-XIII ғасырларда Ануштегенидтер әулеті бүкіл Түрікменстанды қамтитын Хорезмшахтар мемлекетін басқарды, астанасы Түрікменстанның солтүстігіндегі Гургандж (Көне Үргеніш) қаласында болды.

XIII ғасырдың бірінші ширегінде моңғолдар жаулап алып, кейін Илхан мемлекетінің, кейін Тимуридтер мемлекетінің құрамына енді.

XVI-XVII ғасырлардан Хиуа және Бұхара хандықтары құрамында болды.

түрікмен
Фото: kazakhstan.tmembassy.gov.tm

1869-1885 жылдары Түрікменстан территориясын Ресей империясы (Транскаспий аймағы) жаулап алды.

1917 жылы қараша - желтоқсан айларында Кеңес өкіметі орнады. Түрікменстан территориясының негізгі бөлігі 1921 жылы 7 тамызда Түрікмен облысы ретінде Түркістан АКСР-нің құрамына енді. 1924 жылы 27 қазанда Орталық Азия кеңестік республикаларының ұлттық-территориялық межелеуіне сәйкес Түрікмен ССР-і болып өзгертілді.

1991 жылы 26 қазанда «Сіз Түрікменстанның тәуелсіз демократиялық мемлекет ретінде заң шығаруымен келісесіз бе?» деген сұрақ бойынша Түрікменстанның тәуелсіздігі туралы референдум өтті. Түрікмен КСР азаматтарының 94 пайызы оң жауап берді. Келесі күні Республика Жоғарғы Кеңесі «Түрікменстанның тәуелсіздігі және мемлекеттік құрылымының негіздері туралы» Конституциялық заң қабылдады. Түрікменстан тәуелсіздік алды.

түрікмен
Фото: ru.wikipedia.org/wiki

Жалпы «түрік» этнонимінен жасалған «түрікмен» этнонимінің өзі VІІІ-Х ғасырларда Талас өзенінен Каспий теңізіне дейін (бұрын оғыз этнонимі болған) тараған халықтарды білдіретін Х ғасырдан бері белгілі. Киев Русінде олар торкмендер деп аталады, ХІІІ ғасырдағы орыс жылнамаларында – таурмен, ал патшалық Ресейде – түрікмендер мен трухмендер. XV ғасырдағы орыс саяхатшысы Афанасий Никитиннің жазбаларында түрікмен жері туралы айтылған.

түрікмен
Фото: turkmenistan.gov.tm

Бүгінгі таңда түрікмен елі Орта Азиядағы маңызды елдердің біріне айналып отыр. Азулы Ауғанстанмен шекаралас бірнеше елдің қатарында бола тұра, ешбір қақтығыссыз бейбіт тұрып келеді. БАҚ беттерінде бұған дейін Түрікменстандағы заңдар мен ерекшеліктер туралы сан қилы мағлұмат тараған. Оны жергілікті тұрғындар да жасырмайды. Алайда, кейінгі жылдары ел күллі әлемге ашыла бастағанын айтады. Әр түрлі мәдени шаралар өткізіп, шетелден қонақ шақыруды әдетке айналдыра бастады. Онымен қоса, «әлем жұртшылығы елімізді жаңа қырынан таныса екен» деген ұмтылыс байқалады.

түрікмен
Фото: kk.wikipedia.org/wiki

Жалпы түрікмен жұрты өзін көшпенділер ұрпағы санайды және көшпенді тұрмысына сай сәйгүлік атты, алабай және тазы тұқымды иттерді ерекше жақсы көреді.

түрікмен
Фото: kk.wikipedia.org/wiki

 

Соңғы жаңалықтар