Түрікменстанда көктем мерекесі Наурыз тойланып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Түрікменстанда көптен күткен көктем мерекесі – Наурызға арналған салтанатты шаралар мен халықтық серуендер басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Наурыз дәстүрлерін бейнелейтін театрландырылған қойылым Ахал уәлаятында, ашық аспан астында орналасқан «Nowruz yaylasy» (Наурыз алаңы) аумағында өтіп жатыр. Мұнда түрікмен халқының дәстүрлі тұрмысы мен егіншілік пен мал шаруашылығына қатысты еңбек үдерістері кең ауқымды көрмелер арқылы қайта жаңғыртылған.

Салтанатты бөлім мерекелік концертпен ашылып, ұлттық «Галканыш» атты ойындар тобының көрсетілімдік өнерімен жалғасты.


Сонымен қатар, қонақтарға халықтық дәстүрлер, ұлттық ойындар, кілем тоқу өнері мен түрікмен қолөнершілерінің туындылары көрсетілді. Мерекелік дастарханға келген барлық қонаққа Наурыздың басты тағамдары – бидай ботқасы (наурыз кодже), ярма, чорба, сондай-ақ пішме мен басқа да көктемгі тағамдар ұсынылды.

Айта кетелік Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді.