Түрікменстаннан газды неліктен жүйелі түрде сатып ала алмай отырмыз

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев Түрікменстаннан газ сатып алу мәселесіне тоқталды.

газ
Фото: «Азиялық Газ құбыры» ЖШС

- Түрікменстан өңірде, жалпы әлемдік деңгейде газ өндіретін үлкен мемлекеттердің бірі десек болады. Қазір өзіміздің газ қорларымызды дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, газдың жеткіліксіздігі байқалып қалады. Сондықтан Түрікменстан тарапымен газ сатып алуға байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Соған байланысты алдағы уақытта нақты көрсеткіштерге қол жеткізесіздер ме? Осындай келіссөздер аясындағы ең негізгі түйткілдер қай бағытта? Неге біз көрші мемлекеттен газды жүйелі түрде сатып ала алмай отырмыз? Негізгі себебі не? - деп сұрады Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтан.

Осы орайда министр орынбасары Қазақстан мен Түрікменстан арасында газ саласындағы басты мәселені атады.

- Газ саласындағы үлкен серіктестеріміздің бірі – Түрікменстан. Бізге газ кен орындарымыздан ғана емес, Түрікменстаннан да керек. Әсіресе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстар мен оңтүстік аймақтарға. Сол себепті қазір «QazaqGaz» компаниясы Түрікменстанның «Түрікменгаз» мемлекеттік концернімен жұмыс істеп жатыр. Себебі өзіміздің газ жеткіліксіз. Түрікменстанмен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім болмады. Аталған келісім газ саласындағы мәселелерді шешуге арналған, - деді Әлібек Қуантыров.

Соңғы жаңалықтар