ТүркПА-ның бас хатшысы Р.Госановтан Елбасының Жолдауына байланысты пікірін білдірген хат келді - Президент поштасынан

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ТүркПА-ның бас хатшысы Рамиль Гасановтан Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына байланысты пікірін білдірген хат келді.
None
None

«Биылғы Жолдау елді болашаққа бағыттайтын ұзақмерзімді маңызды бағдарламалық құжаттардың қатарына жатады. Онда мәні ерекше жаһандық және ішкі қауіп-қатерлерге нақты жауап берілген», - деп жазады хат иесі.

Рамиль Гасановтың хатында: «Қазақстанның халықаралық қатынастарына арналған бөлім менің қызығушылығымды тудырды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жүзеге асырылып жатқан көптеген бастамалармен қатар, түркі әлемінің интеграциясы идеясының алар орны мен үшін тым ерекше. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы құрылып, сәтті дамып келеді. Интеграциялық үдерістердің аясында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы сияқты құрылымдар құрылып, жұмыс істеуде. Ал 2012 жылы Астана Түркі әлемі мен ТМД-ның мәдени астанасы атанып отыр. Осы орайда, 2011 жылғы сәуір айында Астанада ТүркПА-ның екінші пленарлық отырысы өткенін және Ассамблеяға төрағалықты қазақстандық тараптың қабылдағанын атап айтқан жөн», - делінген.

«Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың барлық бағыттары бойынша белгіленген міндеттерді орындайтынына, экономиканы нығайтып, қоғамды тұрақтандыратынына және халықтың әл-ауқатын арттыра түсетініне күмән келтірмеуге болмайды», - деп түйіндеген хатты Рамиль Гасанов.

Соңғы жаңалықтар