«Түркістан-Арена» стадионы ҚПЛ матчтарын қабылдауға дайын
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – 14 қыркүйекте «Түркістан-Арена» стадионында «Тұран» - «Шахтер» футбол клубтарының арасында ойын өтеді. Бұл туралы стадион әкімдігі мәлімдеді.

«Тurkеstan-Аrena» орталық стадионындағы футбол алаңына жер асты жылыту жүйесінің құбырларын орнату жұмыстары толыққанды аяқталды. Кіші құбырлар мен коллектор арасында жалғау жұмыстары жүргізілді. Коллектор мен жылу пункті арасында құбырлар тартылды. Стадионның шығыс беткейінде жылу пункті салынып, қолданысқа беріледі», - делінген «Түркістан-Арена» стадионының әкішілігі таратқан ақпаратта.
Ал «Almaty Aksu» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі футбол алаңына суару жүйесінің құбырларын тарту мен құм төсеу жұмыстарын аяқтаған. Сондай-ақ, футбол алаңына көгал шөптерінің тұқымдары егілді. Қазір стадионы Қазақстан премьер лигасы матчтарын қабылдауға дайын.
Айта кетейік, 14 қыркүйекте «Тұран» - «Шахтер» футбол клубтарының арасында ойын өтеді.
Ал бұдан бұрын футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 17-турында семейлік «Елімай» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» ірі есеппен жеңгенін жазған болатынбыз.