Түркістан халықаралық әуежайына жаңа директор тағайындалды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM-Түркістан Халықаралық әуежайының басшылық құрамында кадрлық өзгеріс орын алды.

Түркістан Халықаралық әуежайын Сәкен Ержанұлы Мамырбеков басқаратын болды.
Жаңа директор бұған дейін «Шымкент әуежайы» акционерлік қоғамында экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту, стратегиялық жоспарлау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.
Бүгінде Сәкен Мамырбеков жаңа лауазымына ресми түрде кірісті. Алдағы уақытта ол Түркістан әуежайының жұмыс тиімділігін арттыру, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту және заманауи талаптарға сай инфрақұрылымды дамыту секілді басым бағыттарға баса мән бермек.
Айта кетейік, бұдан бұрын «Қазпошта» Қызылорда облыстық филиалының директоры тағайындалғанын жазған болатынбыз.