Түркістан - Қызылорда жолындағы құрылыстан ақаулар анықталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан мен Қызылорда облыстары шекарасындағы республикалық маңызы бар күре жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр жатыр. Биыл жолдың 2 шақырымын жаңарту жоспарланған.

Ұлттық сапа орталығының өңірлік филиалы мамандары жолға төселетін құрылыс материалдарынан 6 рет сынама алып, оның 4-еуі талапқа сай еместігін анықтады. Осыған орай, мердігер мекемелер мен техникалық қадағалаушыларға қажетті нұсқаулар берілді. Нәтижесінде екі ақау жойылды.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы аумағында республикалық маңызы бар 20 жол учаскесінде орташа жөндеу, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы директорының міндетін атқарушы Қайрат Шәкіровтің мәлімдеуінше, аталған нысандарға қолданылған құрылыс материалдарынан барлығы 271 сынама алынған. Оның 52-сі талаптарға сәйкес келмеген. Тиісті нұсқаулардан кейін оның 6 пайызы қалпына келтірілген.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында 47 көшеге ардагерлердің есімі берілетіндігін жазған болатынбыз.