Түркістан облысында 102 адам туберкулез жұқтырған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Кох таяқшасы балалар арасында көбейген.

рентген врачи
Фото: freepik

Өткен жылы өңірде 516 адамнан туберкулез анықталған. Ал балалар арасында 41 жағдай тіркеліп, көрсеткіш 4,7 пайызға өскен. Оның ішінде 21 бала 15 жасқа толмаған болса, 19 бала 15-17 жас аралығындағы жеткіншектер.

Жалпы, жоғары аурушаңдық Арыс қаласы мен Түлкібас, Бәйдібек, Мақтаарал, Сауран және Жетісай ауданы өскен. Екі ай ішінде флюорографиялық тексеруден өткен 7000 жуық тұрғынның арасынан туберкулез жұқтырған 8 науқас анықталған. 

— Бір қуанарлығы, туберкулездің асқынған түрі тіркелмеді. Биылғы жылдың 24 ақпаны мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес бойынша айлық басталды. Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен туберкулез ауруының алдын алу бойынша қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес эпидемиологиялық іс шаралары қатаң бақылауға алынып, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстары кең көлемде насихатталуда, — деді Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда 20 мыңға жуық адам тұмау және ЖРВИ жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар