Түркістан облысында 1,3 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Өңірде жол тәртібін бұзушы жүргізушілерге қатысты ауқымды тексеру басталды.

қарызы бар жүргізуші
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Төле би ауданында «Қорғау» жүйесі арқылы 1,3 миллион теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды. Леңгір қаласының көшелерінің бірінде Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан тәртіп сақшылары жүргізушіні жауапқа тартып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицейлердің айтуынша, «Қорғау» бағдарламасы «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша жұмыс істейді және тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді.

- Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша жол-көлік оқиғаларын азайту және жүргізушілердің тәртібін бақылау мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы тәртіпті нығайту, - делінген, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында бірден 28 полицей жазаланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар