Түркістанда газды тұтыну бойынша 2 856 абоненттен кемшіліктер анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Газ қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді рейдтік шаралар жүргізіліп жатры.

МЧС РК ҚР ТЖМ Датчик утечки газа Газ ағу сенсоры
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Газ инспекциясы» мекемесінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Түркістан қаласында табиғи газ жүйесіне қосылған абоненттер саны 46 270-ке жеткен. Оның ішінде 33 833-і – жеке тұрғын үй, 12 437-сі – көпқабатты тұрғын үйлердің пәтері.

– 2025 жылы 43 626 абонент тексеріліп, олардың 40 770-і газды қауіпсіз әрі талапқа сай пайдаланып отырғаны анықталды. Ал 2 856 абоненттен түрлі сипаттағы кемшіліктер табылып, оларға тиісті ескертулер беріліп, ақауларды жою бойынша нұсқамалар жолданды. Кәсіпкерлік салаға қатысты 847 нысан тіркелген. Бүгінгі күнге дейін оның 189-ы тексеріліп, 45 нысанда қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны белгілі болды. Аталған кемшіліктердің 28-і толықтай қалпына келтіріліп, қалғандары бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, қала аумағындағы мектептер мен балабақшаларда да газ қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынған. Білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, рейдтік шаралар арқылы профилактикалық ескертулер жасалып жатыр.

Бұдан бұрын Түркістан облысында өртке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, ауқымды рейд басталғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар