Түркістан облысында 89 жастағы пациентке күрделі ота сәтті жасалды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Ордабасы аудандық орталық ауруханасында алғаш рет 89 жасар пациентке жамбас буынын эндопротездеу отасы жасалды.

Түркістан облысында 89 жастағы пациентке күрделі ота сәтті жасалды
Фото: Ордабасы аудандық ауруханасы

Науқас 31 қаңтар күні тұрмыстық жарақат алып, жедел жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөліміне түскен. Дәрігерлер қарауынан кейін сол жақ жамбас буынына цементсіз биполярлы имплантпен эндопротез отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты.

Аурухана дәрігерлерінің жаңа емдеу әдістерін игеруі мен кәсібилігінің арқасында мүгедектік қаупі төнген науқас буындарындағы ауырсынуы жеңілдеп, белсенді өмірге қайта оралады. Бұл жоғары технологиялық операция түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жүргізілді.

Айта кетейік, бұдан бұрын 56 жастағы Шымкент тұрғыны баласына бір бүйрегін бергенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар