16:27, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Түркістан облысында 90 жылдық тарихы бар ауыл клубы өртке оранды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Оқиға Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында болды.

1938 жылы салынған мәдениет үйінің шатыры жанып кетті. Өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыған.
Екі қабатты нысанның қабырғалары кірпіштен тұрғызылған, ал шатырына ағаш төселіп, профнастилмен жабылған.
- Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 21 қызметкер мен 6 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 маман мен 1 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда мейрамхана өртке оранғанын жазған болатынбыз.