Түркістан облысында ауыл әкімдерінің жер бойынша шешімдерінен заң бұзу анықталды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 7 ауылдық округ әкімінің 2023-2025 жылдар аралығында жер бойынша қабылдаған кейбір шешімдері заңсыз екені анықталған. 

Түркістан облысында ауыл әкімдерінің жер бойынша шешімдерінен заң бұзу анықталды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда аудандағы 492 499 малды қамтамасыз ету үшін 285 941 гектар жайылым жер қарастырылған.

— Жүргізілген талдауларға сәйкес, мал басына шаққанда жайылым жерлердің жалпы көлемі 957 361 гектарға жетіспейтіні анықталды. Осыған байланысты биыл аудан аумағындағы жайылым жерлерге түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде мал басы тіркелмеген жайылым жерлері бар 126 жер пайдаланушы анықталды. Олардың иелігіндегі 19 738 гектар жердің 12 210 гектары ауданның арнайы жер қорына қайтарылды, — деді ол.

Бұдан бұрын Түркістан облысында 465 мың гектардан аса жер мақсатына сай пайдаланылмағанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар