Түркістан облысында балабақшадағы 24 бала тағамнан уланды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Улану
Фото: Айзада Ағылбаева/Kazinform

Оқиға Сайрам ауданында болды. Теспе ауылындағы «Нарымбет ата» ЖШС-не қарасты бөбекжай-балабақшада 26 адам тағамнан уланды. Уланғандардың ішінде 24 бала мен 2 қызметкер бар.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, балабақшада жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында санитариялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталған. Азық-түлік өнімдері мен қызметкерлерден алынған сынамалардан оң нәтижелер шыққан.

— Барлық науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.Тағамнан улануға асханада технологиялық процестердің бұзылуы, өнімдердің дұрыс сақталмауы және қызметкерлер тарапынан жеке бас гигиенасының сақталмауы себеп болған. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын туризмді дамыту мақсатында іске қосылған «Түркістан» туристік-рекреациялық орталығы бүгінде қараусыз қалып, жарамсыз күйге түскенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар