Түркістан облысында барлық деңгейдегі әкімдер Жер кодексінің талаптарын бұзған

Түркістан облысында Жер кодексінің талаптарын өңірге қарасты барлық аудан, қала әкімдері бұзып келген. Бұл туралы өңір әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

жайылым жер
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

Облыс аумағындағы суармалы жерлерді мемлекет мұқтажы үшін және арнайы жер қорына алуға қатысты процедураларда қала және аудан әкімдері заңға қайшы қаулы шығарғаны анықталған. Бұл, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген сыртқы талдау нәтижесінде белгілі болды.

Әкімдіктердің заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқығына нұқсан келтірген, бағалы суармалы жер алқаптарының көлемі азайған.

«2020-2023 жылдар аралығында Жер кодексінің талаптарын облысқа қарасты барлық аудан, қала әкімдері бұзып келген. Мұндай қаулы шығару құзыреті Жер кодексінің талаптарына сәйкес, облыстық жергілікті атқарушы органның, оның ішінде облыс әкімінің ғана құзыреттілігіне жатады. Бір ғана Түлкібас ауданында 13 кәсіпкерге тиесілі 22 гектар суармалы жер учаскесі қайтарылып, олардың құқықтары қорғалды. Осылайша, аудан, қала әкімдіктері тарапынан мемлекет мұқтажы үшін суармалы жер учаскелерін алып қоюдың заңсыз практикасы тоқтатылды», –делінген Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар