Түркістан облысында браконьерлерден 7 бас жабайы аңның денесі табылды
Түркістан облысында браконьерлерден 7 бас жабайы аңның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болжам бойынша, браконьерлер киік атқан. Күдіктілерден құжаты жоқ 12 калибрлі, қос ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған іс бойынша Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалыны Шымкент тірек бекетінің инспекторлары, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шара өтті. Созақ ауданы Қыземшек ауылынан шамамен 70-80 шақырым жерде «Урал» мотокөлігін тізгіндеген 1982 жылғы жергілікті тұрғын мен Тасты ауылының 1991 жылғы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында ішкі құрылыстары алынған 7 бас жабайы аңның денесі табылды» - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті таратқан ақпаратта.